Намаз оқып жүргендердің 30 пайызы исламға жат ағымдардың өкілі – ҚМДБ

Фотография - Намаз оқып жүргендердің 30 пайызы исламға жат ағымдардың өкілі – ҚМДБ

Олар имамдарға құрметпен қарайды, уағыз тыңдаған болып отырады.

153 0

Қазақстанда намаз оқып жүргендердің 30 пайызы жат діни ағымдардың жетегінде жүр. Бұл туралы "Қазақстандағы дін» деген тақырыпта өткен жиында ҚМДБ өкілдігінің басшысы, Бас мүфтидің орынбасары Серік қажы Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бүгінде күнделікті намаз оқып жүргендердің 30 пайызы – басқа ағымдардың өкілдері. Олар имамдарға құрметпен қарайды, уағыз тыңдаған болып отырады. Бірақ, негізгі идеологиялық күшті, негізгі бағытты интернет арқылы сырттағы шейхтардан немесе сол теріс ағымдағы теологтардан алады. Имамдарымыздың білімі сол теологтардан кем емес. "Біздің имамдарымыздың идеологиясы ондай деңгейде емес" деген пікірмен мүлдем келіспеймін", - деді ол.

Ал Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин имамдарды даярлау мəселесіне тиісті дəрежеде қолдау  көрсетілетіндігін атап өтті.

"Жалпы, имамдарды даярлауға тоқталайын. Соңғы жылдары имамдардың біліктілігін арттыру бойынша көп жұмыс атқарылды. Серік қажының сөзіне қосыламын, имамдарды аттестациядан өткізу жүйесі іске қосылды. Еліміздегі және шетелдегі  алдыңғы қатарлы діни оқу орындарымен келіссөздер жүргізіліп, кадр дайындау мәселесі талқыланады. Жоғары оқу орындары идеологиялық күреске 100 пайыз дайын мамандар даярлап шыға алмайды. Олар діни амалдарға үйретеді. Сондықтан, біз мемлекеттік органдар имамдарға көмектесуіміз керек. 1 қыркүйектен бастап "Нұр Мүбарак" университетінің жанынан екі орталық құрылады деп үміттеніп отырмыз.  Бірінші орталық – діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру жөніндегі дін мамандарын даярлайтын орталық. Екіншісі – кәсіби діни уағызшыларды дайындайтын орталық", - деді Ғ. Шойкин. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!