Шигео Катсу Назарбаев университетiнiң түлектерiн құттықтады

Фотография - Шигео Катсу Назарбаев университетiнiң түлектерiн құттықтады

Назарбаев университетi екiншi рет студенттерiн түлеттi.

304 0

Назарбаев университетiнiң түлектерiн оқу бiтiруiмен құттықтаған ЖОО ректоры Шигео Катсу оларды Қазақстанның жаңа толқынының өз-өзiне сенiмдi жас көшбасшылары деп атады. Бұл туралы салтанатты рәсiмге қатысқан BNews.kz хабарлайды.

"Қазiр сiздер жас, қуатты, сауатты ғалымсыздар, әлемдi бағындыруға дайын өз-өзiне сенiмдi, бастамашыл, бiлiмдi жастарсыздар", - дедi Шигео Катсу құттықтау сөзінде.

Оның айтуынша, Назарбаев университетi Қазақстанның жоғары бiлiм жүйесiндегi жаңалыққа айналды. Бiлiм ордасы бес жылдық тарихында жақсы дамып, барлық студенттер осы дамудың бiр бөлiгiне айналды.

Фото - Фото - Фото -

"Мен бұны "жанды өзгерiс" деп атаймын. Сiздер қарапайым жасөспiрiмнен Қазақстанның жаңа толқынының өз-өзiне сенiмдi жас көшбасшыларына дейiнгi ұзақ жолды жүрiп өттiңiздер. Өсу ешқашан оңай болған емес және сiздердiң көпшiлiктерiңiзге де бұл оңайға соққан жоқ, дегенмен сіздер қиындықты еңсердіңіздер. Сiздердiң биiк шыңды бағындыратындарыңызға сенiмдiмiн", - дедi университет ректоры.

Естерiңiзге сала кетсек, бүгiн Назарбаев университетi екiншi рет студенттерiн түлеттi. Осыған орай бiлiм ордасында салтанатты рәсiм өтiп жатыр.






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!