Астанада біржақты көлік қозғалысы енізілді

Фотография - Астанада біржақты көлік қозғалысы енізілді

Фото: ©Арман Мухатов

Біржақты көлік қозғалысы енгізілген көшелердің жалпы ұзындығы – 9,6 км.

230 0

2016 жылғы 11 маусымнан бастап елорданың көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайту мақсатында үш көшеде біржақты көлік қозғалысы енгізілді: Абай даңғылы (Сарыарқа даңғылынан Пушкин көшесіне дейін), Кенесары көшесі (Пушкин көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін) және Янушкевич көшесі (Абай даңғылынан Иманов көшесіне дейін). Біржақты көлік қозғалысы енгізілген көшелердің жалпы ұзындығы – 9,6 км.

Бастапқы кезеңде жол полициясының қызметкерлері біржақты қозғалыс енгізілген көшелерде жүргізушілерді жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпайтын болады. Бірақ апатты жағдайларды болдырмау үшін Әкімшілік полиция басқармасы мен жергілікті полиция қызметінің өкілдері он күн бойы біржақты көлік қозғалысы енгізілген көшелермен жүру ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ал 20 маусымнан бастап тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Айыппұл мөлшері – 5 АЕК.

Еске салайық, 28 мамырда Әуезов көшесінде (Республика даңғылынан Молдағұлова көшесіне дейін) және Желтоқсан көшесінде (Мәскеу көшесінен Кенесары көшесіне дейін) біржақты көлік қозғалысы енгізілген болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол желісіне түсетін жүктемені азайту есебінен көлік ағынының жылдамдығы аталған көшелерде 30% ұлғайған, қиылыстарда тұрып қалу уақыты 78-ден 40 секундқа дейін төмендеді, көлік құралдарының қозғалыс қарқыны 20% өсті.

Фото -

astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!