ОҚО-да мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

Фотография - ОҚО-да мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

Жарыстың алғашқы күнінде кіші футбол, шахмат, волейбол және үстел теннисі спорт түрлерінен өтуде

168 0

2016 жылдың 11-12 маусым күндері аралығында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ҚР Мемлекттік қызмет істері министрлігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай департамент) ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және "23 маусым-мемлекеттік қызметші күніне" арналған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадасы басталды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Жыл сайын ұйымдастырылып отырған спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтегі азаматтарды салауатты өмір салтына баулу, облыс көлемінде мемлекеттік қызметшілер арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты арттыру және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесін атап өту болып табылады.

Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Бекжанов және облыс әкімдігі аппаратының басшысы Е.Әлімқұловтың қатысумен Қажымұхан атындағы орталық стадионында облыс әкімінің аппараты, департаменттер мен басқармалар арасында спорттың бірнеше түрі бойынша спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.

Атап айтқанда, спартакиаданың бағдарламасында мемлекеттік қызметшілер құрамы спорттың волейбол, кіші футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика (ерлер, қыздар арасында 4х100 жүгіру эстафетасы және ерлер 100м, 400м, 1500 метр, қыздар 100м,400м, 800 метр қашықтыққа жүгіру), шахмат, арқан тарту, қол күрес, жүзу түрлерінен бақтарын сынамақ.

Жарыстың алғашқы күнінде кіші футбол, шахмат, волейбол және үстел теннисі спорт түрлерінен өтуде.

Фото -

Спартакиаданың қорытындысы мен жабылу салтанаты 12 маусым күні Қажымұхан атындағы орталық стадионда өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!