Елбасы шенеуніктерге жұртышылықпен сауатты жұмыс жүргізуді тапсырды

Фотография - Елбасы шенеуніктерге жұртышылықпен сауатты жұмыс жүргізуді тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі сәтте жұртышылықпен сауатты жұмыс жүргізу ісін жолға қоюға ерекше көңіл бөлген жөн екенін айтты.

145 0

Мемлекет басшысының төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның осы кезеңге дейінгі жұмысының қорытындыларына арналған кеңес өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Премьер-Министрдің орынбасары Д.Назарбаева, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары М.Бекетаев, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин, Президентттің көмекшісі Ә.Смайылов, Мемлекеттік қызмет істері министрі Т.Донақов, Инвестиция және даму министрі Ә.Исекешев, Ұлттық  экономика министрі Қ.Бишімбаев, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбеков қатысты.

Кеңес барысында кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру, заңның үстемдігін және елдің экономикалық өсімін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Мемлекет басшысы өткен кезеңде атқарылған жұмыс реформаларды тікелей жүзеге асыру үшін қолайлы ахуал қалыптастырғанын атап өтті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі сәтте жұртышылықпен сауатты жұмыс жүргізу ісін жолға қоюға ерекше көңіл бөлген жөн екенін айтты.

"Жаңа заңнамалық актілер қабылдау нәтижесінде  бірқатар кемшіліктер мен олқылықтар анықталып жатыр. Соның айқын мысалы – жер мәселесіне қатысты заң. Сондықтан жүйелі талдау және қабылданып жатқан шараларды жан-жақты талқылау негізінде қателіктермен ұдайы жұмыс жүргізіп отыру қажет. Біз саясатымызды жетілдіру жөнінде алдын ала жүйелі қадамдар жасауға тиіспіз", – деді Мемлекет басшысы.

Жиын барысында жұмыс топтарының мүшелері Ұлттық комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндама жасады. Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті экономикалық өсімді ынталандыру үшін Үкіметке  2016 жылдың екінші жартысында қосымша 240 млрд теңге бөлуді тапсырды. Мемлекеттік бюджеттен қаражатты үнемдеу есебінен бөлінетін ресурстар шағын және орта бизнесті қолдауға, жеке тұрғын үй құрылысы бағдарламасын несиелеу мен жүзеге асыру ісіне жұмсалады.  Бұдан бөлек, қаржы бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, соның ішінде ауылдық елді мекендердегі тұрмыс сапасын жақсартуға, Құрық портындағы паром өткелін аяқтауға және елорда әуежайын жаңғыртуға бөлінеді. Бұл шаралар құрылыс саласында 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп, экономикалық өсім қарқынын жеделдетуге септігін тигізеді. Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі 2016 жылға жоспарланған экономикалық өсім деңгейіне қосымша 0,4 % болады деп болжануда.


newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!