Қазақстанда қару дүкендеріне және күзет фирмаларына талап қатаңдатылады

Фотография - Қазақстанда қару дүкендеріне және күзет фирмаларына талап қатаңдатылады

Сатылымда аңшы мылтығы болмайды, алайда бұл талаптар қатаңдатылады.

226 0

Ақтөбедегі лаңкестік оқиғасынан кейін Қазақстанда қару дүкендеріне және коммерциялық күзет құрылымдарына талап қатаңдатылады, деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Оның айтуынша, республикада 123 қару дүкені бар.

"Олардың кейбіреулері (қару дүкендері) спорт дүкендерінде орналасқан, спорттық киімдерден бірден қаруға өтуге болады. Әлемдік тәжірибе тіптен басқаша, бір жерде олқылық жіберіп алған секілдіміз. Сондықтан, қару дүкендеріне талап қатаңдатылады. Сатылымда аңшы мылтығы болмайды, алайда бұл талаптар қатаңдатылады", — деді Қасымов халықпен есептік кездесуде.

Ол жекеменшік күзет құрылымдарына ІІМ тарапынан "талаптар қойылатынын" айтты. "Бұл күзет құрылымдарына талаптарды біз күшейтеміз. Бұндай жағдайда дүкендерде әлемдегі тәжірибе бойынша күзетшілері болуы тиіс", — деді министр Ақтөбеде жекеменшік күзет фирмасының қызметкерлері қару дүкеніне қауіп-қатер дабылы шақырылымынан кейін келген кезде шабуылға тап болғанын мысалға келтіре отырып.

Жексенбіде, 5 маусымда белгісіз қаруланған адамдар тобы Ақтөбедегі екі қару дүкеніне және әскери бөлімге қарулы шабуыл жасаған.Қалада терроризмге қарсы күрес операциясы режимі енгізілді. Соңғы деректер бойынша, Ақтөбеде бірнеше нысанға шабуыл жасағандардан барлығы 18 адам өлтірілді.Террористердің қалғаны ұсталды.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!