Бас көлік прокурорының өкілеттік мерзімі ұзартылды

Фотография - Бас көлік прокурорының өкілеттік мерзімі ұзартылды

Ыбырай Әшімханұлы Тілеуғалеев 2010 жылдың 9 желтоқсанынан бастап Бас көлік прокуроры болып тағайындалған.

169 0

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асановтың бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ыбырай Әшімханұлы Тілеуғалеев Бас көлік прокуроры қызметіне жаңа өкілеттік мерзімге тағайындалды.

1965 жылы 11 наурызда Қорған облысы, Кетов ауданы, Каширино ауылында дүниеге келген.

1982 жылы мектеп аяқтаған соң, Кетов ауданы, Лесной совхозына  жұмысшы болып орналасқан.

 1983 жылдан 1982 дейін КСРО-ның Қарулы Күштерінде әскери борышын өтеді.

1990 жылы Свердловск каласындағы заң институтын бітірген соң, Қорған қаласының Первомай ауданы прокуратурасының стажер болып жұмысқа қабылданады, кейін тергеуші, Қорған қаласы прокуратурасының аға тергеуші болып істейді.

1992 жылдың қазан айынан 1995 жылдың шілде айына дейін Қостанай облысы Қостанай қалалық прокуратурасының  аға тергеуші, прокурордың көмекшісі лауазымында жұмыс атқарады.

1995 жылдың шілде айынан 1997 жылдың шілде айына дейін  Қостанай қаласы прокурорының орынбасары, кейін 2001 жылдың қазан айына дейін Қостанай қаласының прокуроры болған.

2001-2007 жылдар аралығында Қостанай және Ақмола облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарады. 

2007 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының соттарда қылмыстық істер қаралу заңдылығын қадағалау Департаментінің заң күшіне енген сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы болып тағайындалады, кейін  сотта мемлекеттің мүддесін өкілдік ету және сот қаулылар заңдылығын қадағалау Департаментінің бастығының орынбасары болады.

2010 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар Департаментінің бастығы болып тағайындалады.

2010 жылдың 9 желтоқсанынан бастап Бас көлік прокуроры.

"Құрмет" орденімен марапатталды (2010ж.).

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.

Үйленген, төрт бала тәрбиелеп өсіруде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!