ОҚО-да әлеуметтік төлемдерін тиімді жұмсау жөнінде мәжіліс өтті

Фотография - ОҚО-да әлеуметтік төлемдерін тиімді жұмсау жөнінде мәжіліс өтті

Бастама өндіруші компаниялардың жариялаған төлемдерін мемлекеттің табыстарымен салыстыру арқылы ашықтықты жоғарылатуға бағытталады.

96 0

Кеше ОҚО әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаевтың төрағалығымен жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік төлемдерінің тиімді жұмсалуы жөнінде мәжіліс өтті. Жиналысқа облыстық басқарма басшылары мен жер қойнауын пайдаланушы мекеме басшылары қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бастама өндіруші компаниялардың жариялаған төлемдерін мемлекеттің табыстарымен салыстыру арқылы ашықтықты жоғарылатуға бағытталады.

Бүгінде облыс аумағында қатты пайдалы қазбаларды игеруге - 27, жер асты суларын өндіру бойынша - 32, кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге - 178 келісімшарт тіркелген.
2015 жылы «Жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әдеуметтік-экономикасын дамытуға және оның инфрақұрылымын дамыту түсетін аударымдар» 206114 бюджеттік кодына жер қойнауын пайдаланушылардан әлеуметтік салаға 1 млрд. 868 млн. 500 мың теңге түсті. Бұл сома қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге түзілген келісімшарттар, жер асты суларын өндіруге арналған келісімшарттар және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен түзілген меморандум бойынша қаралған қаржыдан құралған. Аталған қаржы облыстың білім саласына және ауылшаруашылықты дамыту саласына бағытталды.

Еске саламыз, 2005 жылдан бастап Қазақстан Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы (ӨСАБ) стандарттарын енгізу бойынша тиісті жұмыстар атқарып келеді. 2013 жылы еліміз ӨСАБ енгізу жөніндегі барлық талаптарды орындады және ӨСАБ ізбасары ең биік мәртебесіне ие болды. Одан кейінгі жұмыс Халықаралық ӨСАБ стандартының барлық талаптарын орындау арқылы қол жеткізілген нәтижелерге қолдау көрсетуге бағытталған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!