Құтқарушылар жоғалып кеткен баланы тауып алды

Фотография - Құтқарушылар жоғалып кеткен баланы тауып алды

10 сағат 35 минутта тау баурайларын іздестіру тобының бір бөлігі жоғалған балақайдың тау тастың арасында ұйықтап жатқан жерінен тапқан.

298 0

Құтқарушылардың жұмыстары алдын ала болжап біле алмайтын және күтпеген жайттарға толы, кезекті кезекшілікке түскен кезде қандай жағдаймен соқтығысатыныңды біле алмайсың.

Сол сияқты 2016 жылдың 13-14 маусымдары да соған себеп. Сағат 00 сағат 50 минутта Іле Алатау паркі қызметкерінің Қаскелең шатқалында 2014 жылы туылған балақайдың жоғалып кеткендігі туралы хат келіп түсті. Республикалық жедел-құтқару жасағының 7 қызметкерден тұратын жедел тобы және кинологиялық есеп оқыс оқиға болған жерге жедел түрде шығып кетті. Үйге жақын аймақтар жіті тексеріліп, сонымен қатар 2 км жол бойындағы үйлерде түгелімен тексерілді.

05 сағат 40 минутта қосымша көмекке 13 қызметкерден тұратын топ пен 2 кинологиялық есеп жөнелтілді. Таң ата басталғанда жол бойынан балақайдың аяқ киімі табылды. Іздестіру жұмыстары жолға жақын орналасқан өзеннің арнасын айнала қоршау мақсатында екі топ ұйымдастырылды.

10 сағат 35 минутта тау баурайларын толығымен іздестірген іздестіру тобының бір бөлігі жоғалған балақайдың тау тастың арасында ұйықтап жатқан жерінен табылды. Балақайды тексеру барысында РЖҚЖ дәрігері оның өміріне еш зиян келмегендігін және сырылғандар мен көгергендер тойға дейін кететіндігін жеткізді. Анасының қуанышында шек болмады. Туған –туысқандарымен бірге біздің де құтқарушылар шын жүректен қуанышты болды, өйкені, қатаң статистикаға сүйене отырып (тау өзендеріне жақын, 10 градустан аспайтын түңгі ауа райы) мұндай жағдайда тірі және сап сау балақайды табу жиі кездесе бермейтін жайттар.

Сонымен, қуанышты шаршағаннан және жеңіл көңілмен Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үшін тағы бір кезекті кезекшіліктері өтті.

Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!