Шымкент қаласының білім бөліміне жаңа басшысы тағайындалды

Фотография - Шымкент қаласының білім бөліміне жаңа басшысы тағайындалды

Бұл орынға Жанат Арысбекқызы Тәжиева келді

293 0

Қала әкімдігінде өткен алқалы жиында Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов қалалық білім бөлімінің жаңа басшысын таныстырды. Ол – Жанат Арысбекқызы Тәжиева. Бұған дейін Жанат Арысбекқызы Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміне жетекшілік жасап келген еді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Жанат Арысбекқызы Тәжиева - 30 жыл ғұмырын білім саласына арнаған тәжірибелі маман. Еңбек жолын орта мектеп мұғалімі ретінде бастаған. Біраз уақыт ОҚО білім департаментінде, мұнан кейін 5 жыл бойы қалалық білім бөлімінің басшысы лауазымын атқарған. 

Мәжілісте Шымкент қаласының әкімі жаңа басшының алдағы қызметіне сәттілік тілеп, қаланың білім беру саласын жоғары жетістіктерге жеткізетініне сенім білдірді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!