Ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінде 400 тоннадан артық өнім сатылды

Фотография - Ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінде 400 тоннадан артық өнім сатылды

Жәрмеңкеге 15 жеткізуші мен өндіруші қатысады.

191 0

Апта сайын жұмадан жексенбіге дейін Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадион (Кенесары, 14) мен "Думан" ойын-сауық орталығының тұрақтарында Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілуде, деп хабарлады Астан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

22 сәуірд - 5 маусым аралығында 24 жәрмеңке өткізілген, осы кезеңде жалпы құны 222,7 млн теңгелік 434 тоннадан артық өнім , соның ішінде өткен демалыс күндері 39 тонна өнім сатылды.

Жәрмеңкеге 15 жеткізуші мен өндіруші қатысады. Қала тұрғындары мен қонақтарына тауардың 500 астам түрі ұсынылады: ет, балық, сүт өнімдері, шұжық өнімдері, жемістер мен көкөністер, ұн, жарма, май және т.б. Жәрмеңкедегі бағалар базардағыдан төмен, мысалы, картоптың келісі 95 теңге, пияз – 80 теңге, қырыққабат – 60 теңге, қияр мен қызанақ 400 теңге, сүттің литрі – 160 теңге, он жұмыртқа – 210 теңге тұрады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!