Алматы облысының 214 түлегі "Алтын белгі" иеленді

Фотография - Алматы облысының 214 түлегі "Алтын белгі" иеленді

Аймақ басшысы Амандық Баталов сынақтан сүрінбей өткен "Алтын белгі" иегерлерін құттықтады.

435 0

Талдықорған қаласының «Жастар» жаңа саябағында "Алтын белгі" иегерлерін марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Аймақ басшысы Амандық Баталов сынақтан сүрінбей өткен "Алтын белгі" иегерлерін құттықтады.

"Елбасымыз бір сөзінде: "Біздің уақыт – білім уақыты, тек білімділігіміздің арқасында ғана біз барша әлемді бағындыра аламыз" деген болатын. Сіздер білім мен тәжірибені, ерік-жігерді бір арнаға тоғыстырып, маңызды сынақтан сүрінбей өттіңіздер. Үкілеген үмітті ақтадыңыздар. Еліміздің болашағы – сіздердің қолдарыңызда", - деді облыс әкімі.

А.Баталов мемлекет тарапынан түлектерге әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіліп келгенін және бұл үрдіс келешекте де жалғасын табатынын атап өтті.

"Жаңа мектептер, заманауи жабдық пен оқу материалдары, оқытудың ең үздік әдістемелері және спорт жарыстарына, конкурстар мен олимпиадаларға қатысу мүмкіндігі. Мұның барлығы сізлер үшін жасалып жатқан дүние. Сіздер қол жеткізген нәтиже біздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың айқын көрінісі", - деді  ол.

Биыл "Алтын белгі" иегерлерінен бөлек, 171 түлек ерекше үлгідегі аттестат алды.

"Ең жоғары балл –124 балды Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылының орта мектеп түлегі Талшын Шоқаева жинады. Жалпы 28 оқушы 120 балдан жоғары жинаған. Орташа балл осы жылы 80 дейін өсті", - деп толықтырды облыс әкімі баспасөз қызметінің өкілі Залина Атабаева. 






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!