ОҚО-да "Жазғы демалыс" профилактикалық шарасы өтті

Фотография - ОҚО-да "Жазғы демалыс" профилактикалық шарасы өтті

Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде, кәмелетке толмағандар саласына қатысты 453 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

118 0

ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп оқушыларының жазғы демалысы кезінде, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында, 2016 жылғы 10-14 маусым аралығында облыс аумағында "Жазғы демалыс" профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады ОҚО ІІД ЖПҚ баспасөз қызметінен.

Іс-шараға, Прокуратура, "Нұр Отан" партиясы, облыстық маслихаттың депудаттары, білім, денсаулық сақтау, спорт, жастар саясаты мәселелері, жастар ресурстық орталығы, ата-аналар комитеті, 8кіметтік емес ұйым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыстырылды. 
Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде, кәмелетке толмағандар саласына қатысты 453 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде, балаларын тәрбиелеу жөніндегі мiндеттерiн орындамағаны үшін – 27 ата-анаға қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау мақсатында сот органдарына жолданды. 
Сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген – 407 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына әкімшілік шара қолданылды. Ал ата-анасының қадағалауынсыз жүрген 17 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Сонымен қатар, құқықбұзушылыққа бейім – 72 жасөспірім және 48 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алынды. 

Жазғы демалыс кезінде, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында аула клубтарының жұмыстары ұйымдастырылды. Онда, жазғы демалыс лагерлеріне қамтылмай қалған жасөспірімдер арасында спорттық іс-шаралар өткізілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!