ОҚО-да күшті желден болған шығын ең қысқа мерзімде қалыпқа келтіріледі

Фотография - ОҚО-да күшті желден болған шығын ең қысқа мерзімде қалыпқа келтіріледі

Түркістан қаласы мен Отырар ауданы әкімдерінің шешімі негізінде қос өңірде жергілікті маңыздағы төтенше жағдай жарияланды

153 0

Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОҚО ТЖД басшысы А.Путейко мен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы басқармасының басшысы М.Марайым мәлім етті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.


Баспасөз жиынында белгілі болғандай, күшті дауылдың салдарынан Отырар ауданына қарасты 7 ауылдық округтегі 650 үй мен 20 әлеуметтік нысанға зиян келіп, алдын ала болжанған шығын көлемі шамамен 75 млн. теңгені құраған.

Спикерлердің айтуынша, бүгінгі таңда ондағы 156 баспана кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындардың күшімен қайта қалпына келтірілген.
Ал Түркістан қаласындағы Қарашық ауылдық округінде көлемі 500 м2 болатын 1 мектеп пен ауқымы 963,93 м2 құрайтын "Ататүрік" атындағы білім ордасының шатыры ұшқан. Аталған білім ордаларына келген шығын 12 млн. 271 мың теңгені құрады. 
Түркістан қаласы мен Отырар ауданы әкімдерінің шешімі негізінде қос өңірде жергілікті маңыздағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл тосын жағдайдан келген шығынды заң аясында төлеуге мүмкіндік береді. 


Бүгінгі таңда үзілген электр желілері қайта қалпына келтіріліп, электр қуаты толығымен берілді. Сондай-ақ, қос ауданда дауылдың салдарынан болған залалды жоюмен айналысатын арнайы топтар мен еріктілер тобы құрылды. 


Еске салайық, 14 маусым күні түнде болған күшті желдің салдарынан Отырар ауданы мен Түркістан қаласында жүздеген нысанның шатыры ұшып, ғимараттарға зиян келген болатын. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, аудандардағы жағдай облыс әкімінің жіті бақылауында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!