Қазақстанда дәрігерге алғашқы ескерткіш қойылды

Фотография - Қазақстанда дәрігерге алғашқы ескерткіш қойылды

Аққағаз Досжанованың есімімен бүгіннен бастап Ақтөбедегі көшелердің бірі аталатын болды.

164 0

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жакупова қазақ әйелдері арасындағы алғашқы дәрігер Аққағаз Досжанованың ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты.

Шара Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің жаңадан қолданысқа беріліп отырған студенттік кешенінің ауласында өтті. Жаңа студенттік кешенде болашақ дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Досжанованың еңбегін жалғастыру жолында білім алып, тұратын болады.

Айта кету керек, Аққағаз Досжанованың есімімен бүгіннен бастап Ақтөбедегі көшелердің бірі аталатын болды.

"Аққағаз Досжанова 20 ғасыр медицинасының қалыптасуына зор үлес қосты. Әріптесі Гүлсім Асфендияровамен бірге қазақ әйелдеріне арналған алғашқы мейірбикелік курстарды ұйымдастырды. Өзінің қысқа ғұмырында науқас жандарға көмектесті. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында медициналық үйдің кіре берісінде алғашқы қазақ әйел дәрігерінің бюсті қойылып тұр, оның әрбір ісін ұмытпауымыз керек, ізбасарлары да Аққағаз Досжанова секілді халыққа қызмет ету керек", - деді Бердібек Сапарбаев.

Аққағаз Досжанова 1892 жылы Ақтөбе облысының қазіргі Мәртөк ауданының аумағында, Бөрте ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылса да, білім алады. 1922 жылы ресми түрде алғашқы қазақ әйел дәрігері атанды. Ташкент, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істеді. Жетім балаларды емдеді, қоғамдық жұмыстармен айналысты. Аққағаз Досжанова 39 жасында өмірден өтті.

Денсаулық сақтау вице-министрі Светлана Жакупова Аққағаз Досжанова ескерткішінің Қазақстанда медицина қызметкерлеріне алғаш қойылып отырғанын жеткізді.

"Бюсті ашып отырғандарыңызға сіздерге алғысымды білдіргім келеді. Сіздер бірінші болып жасадыңыздар", - деді Светлана Жакупова облыс әкіміне қарата.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!