Жер реформасы комиссиясының отырысы екi аптада бiр рет өтетiн болды

Фотография - Жер реформасы комиссиясының отырысы екi аптада бiр рет өтетiн болды

Отырыста комиссия мүшелерi отырысты апта сайын емес, екi аптада бiр рет өткiзудi ұсынды.

454 0

Жер реформасы жөнiндегi комиссияның отырысы апта сайын емес, екi аптада бiр рет өтетiн болды. Комиссия мүшелерi Алматы облысында өткен көшпелi отырыстың қорытындысы бойынша осындай шешiмге келдi.

Отырыста комиссия мүшелерi отырысты апта сайын емес, екi аптада бiр рет өткiзудi ұсынды. Өйткенi, олардың айтуынша,  бiр аптаның iшiнде ел азаматтарынан келiп түсiп жатқан барлық пiкiр-ұсыныстарды саралап, талдауға уақыт жетпейдi.

"Мыңдаған қоңыраулар түсiп жатыр, ғаламтор арқылы да түсiп жатыр. Көп материал жиналды. Сондықтан, комиссияның отырысы екi аптада бiр рет болса, жоспарлап, жұмыстарды реттеп үлгеремiз. Әйтпесе, барлық ақпаратты саралап үлгермей жатырмыз", - дейдi комиссия мүшесi Серiк Сұлтанғали.

Ендiгi уақытта комиссияға жетекшiлiк ететiн ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов бұл ұсынысты қолдады.

"Комиссия топтары жұмысын ширатыңқырау керек. Өйткенi, қазiр бастапқы қарқын сәл бәсеңдеп отырғанын көрiп отырмыз. Осы кезге дейiн айтылғандарды талдап, жүйелеп, нақты ұсыныстарды комиссия отырысына шығарып отырса, талқылауға да, әрi қарай жылжуға да жеңiл болар едi", - дедi А.Мырзахметов

Айта кетейiк, Жер реформасы жөнiндегi комиссияның бүгiнгi бесiншi отырысы Алматы облысында өттi. Отырыста 70-тен астам адам сөз сөйлеп, бес сағатқа созылды.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!