Кәсіпкер әйелдерге шағын несие беру бағдарламасы даярлаунуда

Фотография - Кәсіпкер әйелдерге шағын несие беру бағдарламасы даярлаунуда

Бейресми кездесуде өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері мен жоспарлар талқыланды.

296 0

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі мен Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлейменовамен кездесті, деп хабарлайды Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Бейресми кездесуде өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері мен жоспарлар талқыланды.

"Әйелдер кәсіпкерлігін ынталандыруға қарамастан, ақпараттың жоқтығы, бизнес ашуды қаржыландыруға қолжетімділіктің шектеулігі, жайсыз салық саясаты мен әкімшілік кедергілер негізгі мәселелер ретінде қалуда. Осыған байланысты мемлекеттік және қаржылай емес қолдау шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе бұл жұмыссыздар арасында өзекті, өйткені дәл осы әлеуметтік топ назардан тыс қалып отыр", – деп атап өтті М.Мұсабекова.

Кеңес хатшысы, Палатаның адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуетті және әрекет етуші субъектілеріне арналған арнайы қаржылық қолдау шараларын жасау маңызды деп есептейді. Оның айтуынша, жаңа шағын несие беру бағдарламасын іске қосу әйелдер бизнесін жандандыруға мүмкіндік бермек. Қанатқақты жобаның басты ерекшелігі пайыздық мөлшерлеменің аздығы мен кепіл зат ретінде жылжымайтын мүлікті ұсыну болып отыр. Атап өтерлігі, ҰКП Алматы облысы әкімдігімен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес өкілдеріне арнап 600 млн теңге бөлген еді.

"Бүгінде аудандардағы әйелдер жаңа қаржылай қолдау шараларына зәру. Ауылды аймақтарда бизнеспен айналысқысы келетін әйелдер көп, алайда олар үшін басты мәселе қаржыландырудың жоқтығы. Осыған орай әйелдерге арнап арнайы шағын несие беру бағдарламасын жасау өзекті болып тұр. Статистика бойынша адал несие төлеушілердің көпшілігі әйелдер екенін атап өткім келеді", – деді А.Оңғарбаева.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!