Жыл басынан бері Астанада 8 мыңнан астам пәтер салынды

Фотография - Жыл басынан бері Астанада 8 мыңнан астам пәтер салынды

Жеке салушылармен жалпы ауданы 86 505 шаршы метр тұрғын үй салынған.

216 0

Астана қаласы статистика департаментінің хабарлауынша, барлық қаржыландыру көздері есебінен 8 564 пәтер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 964 254 шаршы метрді құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-мамыр деңгейінен 25,8%-ға артық. 

Жеке салушылармен жалпы ауданы 86 505 шаршы метр тұрғын үй салынған. Жалпы, тапсырылған тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 9%, 2015 жылғы қаңтар-мамырда бұл көрсеткіш 3,2% болған, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Сонымен қатар, 2016 жылғы қаңтар-мамырда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 53254,8 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 12,3% артық. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 25,1%-ды құрады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!