Баян Есентаеваның шығармашылық қызметі жайында айту әлі ерте - дәрігер

Фотография - Баян Есентаеваның шығармашылық қызметі жайында айту әлі ерте - дәрігер

Продюсер ауруханадан шығарылды+.

593 0


10 маусым күні көптеген жаралар және пышақ жарақаттарымен Талғар аудандық ауруханасына жеткізілген белгілі продюсер Баян Есентаеваны ауруханадан шығарды, деп жазады Today.kz. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.

Есентаеваның емдеуші дәрігері Ербол Сәрсенбаев оған операция жасаған болатын. Ал таңғы жоспарлы аралаудан кейін оны үйіне жіберген.

"Бүгін таңертең ол ауруханадан шығуға дайын болды. Бұдан ары ол невропатолог пен көз дәрігерінен амбулаториялық жағдайда ем алуын жалғастырады. Қазір оның шығармашылық қызметін жалғастыруы туралы айтуға ерте, оған емін аяқтау қажет", - дейді Талғар аудандық ауруханасының емдеу жұмысы бойынша директордың орынбасары Ербол Сәрсенбаев.

Естеріңізге салсақ, белгілі қазақстандық продюсер Баян Есентаева 10 мауысмда ауруханаға жеткізілген болатын. Ол ауыр соққы мен пышақ жарақаттарын алған. Бұл іске продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаев күдікті болып отыр. Оқиға кеінде оның мас болғаны анықталды. Ол екі айға қамауға алынды. Бақытбек Есентаевқа адам өлтіруге оқталу айыбы тағылуда.

Бұл іс қоғамда үлкен дау тудырды. Бей-жай отыра алмаған қазақстандықтар продюсерді қолдап, науқан ұйымдастырған болатын. Сонымен бірге Баян Есентаеваның ауруханада жатқан суретінің таралуы бойынша да тергеу амалдары жүруде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!