Алматы облысында су мәселесіне байланысты жанжал өршіп тұр

Фотография - Алматы облысында су мәселесіне байланысты жанжал өршіп тұр

Көксу ауданы кәсіпкерлері "Қазақ су шаруашылығы" мемлекеттік кәсіпорны жұмысына наразы

314 0

Көксу ауданы кәсіпкерлері "Қазақ су шаруашылығы"  мемлекеттік кәсіпорны жұмысына наразы. Олардың су пайдалану құрылымына, аяқ су тарифтеріне, жер суландыру жүйесінің техникалық жай-күйіне көңілі толмайды. Мысалы, кәсіпкер Николай Брусенскийдің сөзіне қарағанда, арналардың жай-күйі ешқандай сын көтермейді. Аяқ суды беруге арналған шлюз жоқ болғандықтан, телімге су жетпейді, босқа рәсуа болады, деп хабарлайды Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

"Қайрат" шаруа қожалығы басшысы Арғынғазы Сайерденовтің айтуынша, аудандағы су құны тым жоғары – текшеметрі 0,51 теңге. Салыстырайық: көрші аудандарда бұл баға төмен, ал жеткізу шығындары дәл Көксу ауданындағыдай.

"Біз жүргізіліп отырған тариф саясатының себебін түсіне алмай отырмыз. Біздің аудан неге осындай баға бойынша төлеуі тиіс? Сонымен қатар кәсіпорын арналарды қамтамасыз ету жөніндегі келісімшарттағы міндеттерін неге орындамайды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарына су жумсау есебі нормаларын қайта қарау қажет. Біздің жанайқайымызды ешкім тыңдамайды, құлақ түрмейді",– деп атап айтты кәсіпкер.

"Үміт" САТК төрайымы Светлана Ломова да өзінің наразылығын білдірді.  Оның пікірінше, ауыл шаруашылығы өндірушілерімен тікелей суармалы суды беру туралы келісім-шарт жасау заңдарды бұзуға, су пайдалану дауларына, су қорын тиімсіз бөліп-таратуға әкеледі. Соның салдарынан кәсіпкерлер шығынға батады. Үздік-создық суға қанбай, шөліркеген  егіс  кебірсиді.

Қойылған сұрақтарға «Қазақ су шаруашылығы» РМК АФ директорының орынбасары Қалыбек Құдайбергенов  жауап бермекші болды, оның пікірінше қаржыландырудың жоқтығы – мәселенің ең басты себебі. "Барлық түйткіл мәселелер қаржы ресурсының, білікті кадрлардың жетіспеуіне байланысты. Көксу ауданының көптеген жер суландыру ғимараттары балансқа алынбады, өткен жылы бөлінген 570 000 теңге барлық суландыру жүйелері мен өңір арналарын қайта қалпына келтіруге жетпейді",– деп айтты ол. Бірақ мемлекеттік кәсіпорын өкілінің айтқан дәлелдері жиналысқа қатысушылардың көңілін көншітпеді. Барлық тарапты тыңдап болған соң Кәсіпкерлер палатасы осы іс бойынша өзіндік тексеру жүргізуді ұйғарды. Мамандар мәселелерді жою және бұдан былайғы жұмысты жоспарлау үшін қаржының бар-жоғын және  бөлінуін білу мақсатымен кәсіпорынға ресми сұрау салу жолдады.

Сонымен қатар Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне бірқатар сұрақтар туындады. Осылайша Кәсіпкерлер палатасы Көксу ауданына қатысты тарифтік саясатты түсіндіруді талап етеді.

Бұл мәселе Алматы облысының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі мәжілісінде қаралатын болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!