Бақыт Сыздықованы Facebook-те қалдырған пікірі үшін сотқа шақыртты

Фотография - Бақыт Сыздықованы Facebook-те қалдырған пікірі үшін сотқа шақыртты

Мұның алдында ол сот өкілдерін парақор деп айыптаған болатын.

368 0

Өзінің Facebook парақшасында Қарағанды облысының сот өкілдерін пара алды деп айыптаған мәжілістің экс-депутаты Бақыт Сыздықованы сотқа шақыртты, деп жазады Today.kz мәлімет көзіне сілтеме жасай отырып.

"Журналистер үшін жабық кездесу 21 маусым күні өтеді. Оның қолында пара алу туралы қандай да бір мәлімет барын сұрау үшін облыстық сотқа шақыртады. Ал егер дәлел болмаса ­– пара алды деп айыптаған үш судьядан кешірім сұрауға дайын ба екенін білмек", - дейді ақпараттанған мәлімет көзі.

Бақыт Сыздықовамен облыстық соттың өкілі Мұсабек Әлімбеков тілдеседі деген болжам бар.

Естеріңізге салсақ, Бақыт Сыздықова Балқаш қаласындағы мектеп-гимназияның біріндегі қайшылықты жағдай туралы пост астына өз пікірін қалдырған. Азаматтық сотта ата-аналардың бірі балаға жеңіл дене жарақаттарын салды деп арызданғаннан кейін жұмыстан шығарылған мұғалімді жұмысқа қайта алу туралы іс қаралған. Сот шешімі бойынша, дене жарақатын салу туралы дәлел келтірілмегендіктен, мұғалімнің жұмыстан шығарылуы заңсыз болған. Дәл осы шешімге Бақыт Сыздықова өз пікірін білдірген.

Қарағанды облысытық соты бірден қызметтік тексеруді бастап кетті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!