Астанада жыл басынан бері 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

Фотография - Астанада жыл басынан бері 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

Жұмыс іздеушілер де, жұмыс берушілер де бос орындар жәрмеңкесінің маңыздылығын атап өтуде.

239 0

Үстіміздегі жылдағы алтыншы бос орындар жәрмеңкесі елордалық "Армада" СҮ өткізілді. Жұмыспен қамту орталығы жалпы, биыл 12 жәрмеңке өткізуді жоспарлап отыр. Бүгін шара барысында 30 астам қалалық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

– Бес бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 175 адам жұмысқа орналастырылды. Тиісті жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі шараға 30 жуық жұмыс беруші қатысуда, соның ішінде, бюджеттік ұйымдар мен жеке меншікті компаниялар. Негізінен, қызмет көрсету саласындағы, сондай-ақ, өндірістік компаниялар, тағам өнімдерін шығаратын компаниялар, қонақ үйлер мен мейрамханалар, балабақшалар мен емханалар, – деді Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.

Жұмыс іздеушілер де, жұмыс берушілер де бос орындар жәрмеңкесінің маңыздылығын атап өтуде. Елордалық Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін шаралардың арқасында жеке меншікті жұмыс берушілер көп уақыттарын жұмсамай өздеріне лайықты жұмыскерлерді таба алады.

– Біз Астана қаласының дүкендеріне азық-түлік жеткізумен айналысамыз. Бос орындар жәрмеңкесі аса өзекті, мұнда қызметіміздің тұтынушыларымен тікелей тілдесеміз. Аталмыш шараға ұдайы қатысып жүреміз, жұмыскерлеріміздің 40% Жұмыспен қамту орталығы арқылы келгендер. Әр жәрмеңкеде 30 жуық адам жолығады, – дейді "Мир круп" ЖШС коммерциялық директоры Мұхамедьяр Саудегеров.

Жыл басынан бері бос орындар жәрмеңкесінің арқасында 2 858 адам жұмысқа орналастырылды. Бәрі де өзіне лайық жұмыс таба алды. Атап айтқанда, 998 адам қоғамдық жұмыстарға кірісті, 411-і кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына жіберілді. Сонымен қатар, 254 адам жастар практикасына қабылданды.

Биыл Жұмыспен қамту орталығына бес жыл болады. Осы кезеңде 36 бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 30 мыңдай елорда тұрғынына жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді. Бес жылда 9,5 мың адам кәсіптік даярлау және қайта даярлаудан өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!