Қарағанды облысында сібір жарасынан көз жұмғандарды әк қабатының астына жерлейді

Фотография - Қарағанды облысында сібір жарасынан көз жұмғандарды әк қабатының астына жерлейді

Жерлеу санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өтеді.

482 0

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы жетекшісі Ержан Нұрлыбаевтың сөзінше, Еркіндік ауылында жұқпалы аурудан (сібір жарасынан деген күдік бар) көз жұмған екі адамды белгілі бір санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша жерлейді, деп жазады Today.kz.

Нұрлыбаев моральды-этикалық нормаларды сақтап, жерлеу рәсімі қалай өтетіндігін ашып айтпады. Дегенмен, марқұмдардың туыстары санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен таныс және оған келісімін берді дейді ол.

Қазақстан Республикасында сібір жарасынан көз жұмғандар барлық талаптар мен нормалар бойынша  кәдімгі зиратқа қойылады.

Мүрде моргтен немесе инфекциялық ауруханадан шығарылар бұрын ашылмаған болса, оны целлофанды пленкамен орап табытта жерлейді. Денені ашып зерттеу жасалғанда оны жерге қояр кезде пленка астына құрғақ хлорлы әк салады.

Естеріңізге салсақ, 22 маусымда Қарағанды облысы еркіндік ауылында сібір жарасына байланысты ТЖ режимі енгізілді. Ауылдан 50 киллометр айнала көліктің келуіне және ет-сүт өнімдерін тасуға шектеу қойылған. 21 маусымда ҚР премьері АШМ басшысына Шет ауданындағы жағдайды бақылауға алуды тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауданда сегіз адам ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі көз жұмды. Ауруды жұқтырған алғашқы бес адам туралы 20 маусымда белгілі болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!