Астананың бірқатар көшелерінде жексенбіде қозғалыс шектеледі

Фотография - Астананың бірқатар көшелерінде жексенбіде қозғалыс шектеледі

Жергілікті полиция қызметі жүргізушілерден түсіністік танытып, шектеулерге сәйкес бағдарларын жоспарлауды сұрайды.

247 0

Астанада "Астана-дуатлон 2016" жарыстарының өткізілуіне байланысты 26 маусымда бірқатар көшелерде қозғалыс шектеледі деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, автокөліктердің қозғалысына 26 маусымда 9.30-дан бастап шара аяқталғанға дейін шектеу енгізіледі.

— Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сарайшық көшесінен Әуежайдың айналмалы жолына дейінгі учаскеде

— Орынбор көшесі бойынша М 1 көпірінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейін 

— Керей Жәнібек хандар көшесі бойынша Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейін

— Қонаев көшесі бойынша Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейін

— Достық көшесі бойынша Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейін

"Ұсынылатын айналма жолдар - Тұран даңғылы, Сарайшық көшесі, Сығанақ көшесі, Хусейн бен талал көшесі бойынша",  - делінген хабарламада.

Жергілікті полиция қызметі жүргізушілерден түсіністік танытып, шектеулерге сәйкес бағдарларын жоспарлауды сұрайды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!