Бас мүфти балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге ауыз ашты

Фотография - Бас мүфти балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге ауыз ашты

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиналған көпшілікті қасиетті Рамазан айымен құттықтап, шынайы лебізін жеткізді.

219 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алатау ықшам ауданы "Арафат" мешітінде ауызашар берді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Ауызашарға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ бөлім басшылары, "Нұр-Мүбәрак" университетінің ректоры, профессор, доктор Жуда Абдулғани Басюни, "Ақ Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушілері, жалпы 100-ден астам адам келіп, жайылған дастарханнан дәм татты.

Шара барысында ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Діни басқарма тарапынан «Ақ Үміт» балалар үйіне тұрмыстық техника (тоңазытқыш, кір жуғыш машина) сыйға тарту етті. Жағдайы төмен отбасыларыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиналған көпшілікті қасиетті Рамазан айымен құттықтап, шынайы лебізін жеткізді.

"Рамазан рухани-жаңару айы. Адамды тазалыққа, қоғамды рухани келісімге шақыратын рамазан айының маңызы аса жоғары. Алла Тағала айлардан-рамазанды, күндерден-жұманы, түндерден - Қадір түнін қасиетті етті. Мұсылман баласы үшін бұл айдың орны ерекше. Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай. Алла Тағала отбасымызға амандық, елімізге береке-бірлік нәсіп еткей", – деді Бас мүфти.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!