Дүйсенова сібір жарасынан қайтыс болғандардың туыстарының сынына жауап берді

Фотография - Дүйсенова сібір жарасынан қайтыс болғандардың туыстарының сынына жауап берді

Онымен байланыста болған 63 адам анықталды.

306 0

Сiбiр жарасынан көз жұмған ер адам ауруханаға кеш барған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова журналистерге берген сұхбатында айтты. Бұған дейiн БАҚ-та ер адамның облыс ауруханаларында көмек ала алмағаны туралы ақпарат тараған болатын.

Естерiңiзге сала кетейік, сiбiр жарасынан көз жұмған ер адамның ұлы әкесiнiң он күн бойы дәрiгерлерден көмек ала алмағаны туралы айтқан едi.

"Қайтыс болған азаматқа келсек, ол ауруханаға барып, қолымды кесiп алдым деген. Медициналық ұйым сол арқылы сiбiр жарасы жұғады деп ойламаған. Ол өз ауданында көмек алуы тиiс едi. Одан кейiн қажеттiлiк туындаған жағдайда облыстық ауруханаға келуi керек болатын. Бұндағы ең басты мәселе – науқастың дәрігерлерге кеш қаралуы. Екiншiден, ол абай болмаған және үшiншiден, медициналық ұйымда азаматтың қолын мал сойғанда кесiп алғаны туралы ақпарат болмаған. Қазiргi таңда облыстық және аудандық ауруханалар тексерiлуде", - дедi Т.Дүйсенова.

Айта кетейік, аса қауіпті ауру ошағының табылып, екі адамның қайтыс болуына байланысты Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылы мен одан 50 км радиус қашықтықтағы аумаққа 22 маусымда төтенше жағдай жарияланды. Ауылға баратын барлық бағыттар мен дала жолдары жабылды. Бұл ауылдан ауыл шаруашылық өнімдерін тасымалдауға тыйым салынып, көлік қатынасы тоқтатылды. Қазіргі таңда республикалық Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің мамандары арнаулы құрал-жабдықтарымен Еркіндік ауылында тексеру жұмыстарын жүргізуде. 

Мамандардың айтуынша Еркіндік ауылынан әзірге сібір жарасын жұқтырған бір мал ғана анықталды. Ауылда 465 адам тұрады. Ауру малдың етін тұтынғандармен 62 адам, оның ішінде 21 бала араласқан. Бүгінгі таңда барлығына дерлік емдік шаралар жүргізіліп, тексерістен өткізілді. Олардан ауру қоздырғышы анықталған жоқ. 

Қарағанды облыстық инфекциялық ауруханасында сібір жарасын жұқтырған 7 науқас ем қабылдауда. 

Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті ҚР ҚК 327 бап 1 тармағы бойынша Ветеринарлық ережелердi және өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы талаптардың сақтамалмауынан ауыр салдарға алып келу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!