Елімізде бэби-бокс орнату мәселесі қыркүйек айында шешіледі

Фотография - Елімізде бэби-бокс орнату мәселесі қыркүйек айында шешіледі

Еске сала кетейік, бұған дейін қоқыс жәшіктері мен өзге де лас орындардан тастанды балалар табылған еді.

172 0

Елімізде тастанды балаларға арналған бэби-бокстар орнатыла ма? 

Соңғы уақытта қоғам белсенділері осы сұрақты қызу талқылап жүр. Бірақ олардың пікірі әртүрлі. Бірі жаңа туылған нәрестелердің аманқалуы үшін контейнер орнатуды құп көрсе, енді бірі оның кері әсерін алға тартып, түбегейлі қарсылық білдіріп отыр. Дегенмен екі айдан кейін арнайы құрылған мемлекеттік комиссия нақты шешім қабылдайды. Еске сала кетейік, бұған дейін қоқыс жәшіктері мен өзге де лас орындардан тастанды балалар табылған еді. Содан бері бэби-бокстар орнату туралы бастама жан-жақты талқыланып келеді. 

"Бұған дейін еліміздің қоғамдық ұйымдары "Аналар үйін" ашты. Оған барған келіншектер балаларын тастамай, қайта бауырына басып жатыр. Өйткені олармен психологиялық тұрғыда пайдалы кеңестер беріледі. Жалпы бала әркез анасының қасында болғаны дұрыс", - дейді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!