ОҚО әкімі жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болды

Фотография - ОҚО әкімі жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болды

Сапар барысында ол облыс үшін транспорттық маңызы бар "Манкент" темір жол бекетіне барып, ондағы жағдайды бақылады

189 0

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болып, бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен.


Сапар барысында ол облыс үшін транспорттық маңызы бар "Манкент" темір жол бекетіне барып, ондағы жағдайды бақылады. Ол жердің тыныс-тіршілігімен танысқан облыс әкімі мұнда келуші халыққа жағдай жасалмағанын айтып, стратегиялық маңызды нысанды ретке келтіруді тиісті сала басшыларына тапсырды. Темір жол бекітінде халықпен сөйлесіп, өтініштерін тыңдады. 
Сонымен қатар, ауданға жасаған жұмыс сапары барысында аудандағы орталық базар бірінші басшының назарынан тыс қалған жоқ. Аталған базарда ретсіз сауда мəселесі бар екенін жəне санитарлық талаптарға сай еместігін айта кету керек. Сондай-ақ, базарға келушілер үшін авто тұрақ қажеттілігі айтылды. Аталған проблемалармен таныс болған өңір басшысы қысқа мерзім ішінде тиісті деңгейде шешіп, ретсіз сауда қатарының саудагерлеріне Ақсу базарынан орын беруді тапсырды. 
Сапар соңында облыс басшысы іргетасы 1932 жылы қаланған саманнан соғылған, бүгінде апатты жағдайда тұрған N11 Манкент мектебін аралады. 1215 оқушыға шақталқан өзбек мектебінің құрылысына 678 млн. теңге қаржы керек. Үш ауысымда білім беретін білім ошағының мәселесін шешу үшін өңір басшысы бастапқы қаржыны аудандық бюджеттен бөлуді тапсырып, қалған ақшаны кейіннен облыстық бюджеттен бөлуді жүктеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!