Елордалық мектептер үздік ондыққа енді

Фотография - Елордалық мектептер үздік ондыққа енді

Жалпы, еліміздегі дарынды балаларға арналған 124 мектептің бесеуі елордада орналасқан.

292 0

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа баллының қорытындысы бойынша Астананың үш мектебі республикамыздағы үздік мамандандырылған мектептер ондығына кірді. "Дарын" мамандандырылған лицейінде ҰБТ-ның орташа баллы 113-ті, дарынды балаларға арналған № 9 "Зерде" мектебінің орташа көрсеткіші 111,98 баллды және дарынды қыздарға арналған Қазақ-түрік лицейінде 111,63 баллды құрады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы, еліміздегі дарынды балаларға арналған 124 мектептің бесеуі елордада орналасқан. Соның ішінде, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейі мен дарынды балаларға арналған № 81 "Astana English School" гимназиясы бар.

Еске салайық, 2015 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша үздік мамандандырылған мектептер тізіміне дарынды балаларға арналған № 9 "Зерде" мектебі енген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!