Ұлттық ұлан журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Фотография - Ұлттық ұлан журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Ұландықтар ұзақ уақыттан бері журналистермен байланыс орнатып, істесіп келеді.

342 0

Қазіргі ақпарат заманында кез келген мемлекеттік мекемелер, органдар, ұйымдар және түрлі мемлекеттік қызмет салалары отандық журналистермен өзара байланыс орнатып, бірлестікте көптеген жұмыстар жасауда. Бұл жерде әрбір мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметтерінің еңбектерін айтпай кетуге болмас.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі де бұл жолда қыруар жұмыстар атқаруда. Өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердің әскери қызметшілері мен сарбаздарының қызметтік-жауынгерлік міндеттерін, қырағылық пен ерлік үлгілерін және түрлі мәдени-демалыс іс-шараларын бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығаруда, сондай-ақ қоғамда Ұлттық ұланның жағымды бейнесін қалыптастыруда өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметі отандық журналистермен өзара тығыз байланыс орнатып, тұщымды нәтижелерге қол жеткізді. Бірлесе көтерген жүк жеңіл дегендей, бірігіп атқарған жұмыстың несібесі артты.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы" Жарлығына сәйкес, 2012 жылғы 28 маусымнан бастап Қазақстан Республикасында баспасөз, радио және теледидар қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіліп келеді. Айтулы мерекеге орай, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Әлібек Серәлиев Отандық журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларды грамоталармен және бағалы сыйлықтармен көтермелеген болатын.

Журналистер күні қарсаңында аталған марапаттар мен сыйлықтарды өңірлік журналистерге "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Нұрбай Бектұрсынов пен өңірлік қолбасшылық баспасөз қызметінің бастығы аға лейтенант Дарын Сейітов арнайы барып тапсырып, болашақта да бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

28 маусым – журналистер күніне орай, Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы өзара іс-әрекеттік байланыстағы және барша бұқаралық-ақпарат құралдарының өкілдерін төл мерекелерімен құттықтап, еліміздің өркендеуі жолындағы абыройлы істеріне толағай табыстар тілейді!, - делінген "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Баспасөз қызметітаратқан хабарламада.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!