Мемлекеттік қызметкерлерге қымбат киім киюге тыйым салынбайды – Асан Қалиахмет

Фотография - Мемлекеттік қызметкерлерге қымбат киім киюге тыйым салынбайды – Асан Қалиахмет

Brioni маркалы іскерлік костюм де қарапайым, жұмысқа шақ болып көрінуі мүмкін.

166 0

Мемлекеттік қызметкерлерге қымбат киім киюге тыйым салынбайды, алайда оның құны өзінің табысына сай болуы тиіс. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің баспасөз хатшысы Асан Қалиахмет facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
"Соңғы екі күнде мемлекеттік қызметкерлерге қымбат киім киюге тыйым салынады деген ақпаратты бірнеше рет көзім шалды. Бұған қатысты менің айтарым: ОКҚ брифингі барысында киім-кешек бағасы регламенттелмейтіні, яғни оған шек қойылмайтыны айтылды. Тек мемлекеттік қызметкер жұмыс уақытында қарапайым және жұмысқа сай киінуі керек", - дейді Асан Қалиахмет.
Оның сөзінше, Brioni маркалы іскерлік костюм де қарапайым, жұмысқа шақ болып көрінуі мүмкін.
"Ал шенеунік жұмысқа Levi's маркалы алба-жұлба джинсімен келсе, онда әңгіме басқа. Телефондар мен автокөліктер жайлы айтсақ, мемлекеттік қызметкерлерге ешкім айфон және мерседес алуға тыйым салмайды, бастысы олар заңды түрде табылған ақшаға сатып алынуы керек (немесе несиеге, ол да заңды түрде табылған ақшаға алынуы керек)", - деп түйіндеді баспасөз хатшысы.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын БАҚ-та мемлекеттік қызметкерлерге қымбат киім киюге тыйым салынғаны туралы ақпарат тараған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!