Ақтөбеде қасқыр атуға 6 млн теңге бөлінді

Фотография - Ақтөбеде қасқыр атуға 6 млн теңге бөлінді

Қазір 200 қасқырдың көзі жойылды.

133 0

Ақтөбеде қасқыр ату жұмыстарына 6 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға 725 қасқырды ату жоспарланған. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының  басшысы Нұржан Аққұлдың айтуынша, қазіргі күні жыртқыш аңның 200-і атылды.

"Жануарлар дүниесін қорғау, соның ішінде киіктер популяциясын, тұрғындар денсаулығын қорғауға және құтыру ауруының алдын алу мақсатында қасқыр ату жұмыстары басталды. Бізде шалғай, үйі аз ауылдар бар. Далалықтан азық таппаған қасқырлар ауылға кіріп, мал мен адамға тарпа бас салуы мүмкін. Сондықтан ату жұмыстарына 6 миллион теңге бөлінді",- дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының  басшысы Нұржан Аққұл.

Айта кетейік, биыл жыл соңына дейін 725 бас қасқыр атылуы тиіс. Қазір 200 қасқырдың көзі жойылды. Бұл жұмыстарды мемлекеттік сатып алу байқауына қатысып, жеңімпаз атанған мекеме атқарады.

"Бір қасқырды ату жұмысына шамамен 15 мың теңге жұмсалады. Бұл қаржы жанар-жағармай, техникаға, яғни, жол шығынына жұмсалады. Оқ-дәрі де алынады",- дейді Н.Аққұл.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!