Астана қаласының бюджетi 1 трлн теңгеге жетедi

Фотография - Астана қаласының бюджетi 1 трлн теңгеге жетедi

Астана қаласына келетiн жүк көлемi артады деп күтiлуде. Жүк айналымының көлемi 20 пайызға артпақ.

222 0

Астана қаласының бюджетi биылғы жылы 1 трлн теңгеге жетедi деп болжанып отыр. Бұл туралы журналистерге ҚР Қаржы министрлiгi мемлекеттiк кiрiстер комитетiнң төрағасы Дәулет Ерғожин жеткiздi, деп хабарлайды BNews.kz.

Дәулет Ерғожин Астанада маусымда ашылған жаңа кедендiк ресiмдеу орталығының жұмысына тоқталды.

"Мемлекеттiк кiрiстер комитетi барлық кедендiк ресiмдеу орталықтарының жаңа құрылымын және ресiмдеудi ұйымдастырудың бiрыңғай жүйесiн бекiттi. Астана қаласының жаңартылған кедендiк ресiмдеу орталығы логистикалық орталықпен бiр жерде орналасқан. Бiз «Қазақстан темiр жолы» ұлттық операторымен бiрге мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк негiзiндегi өзара қарым-қатынас сызбасын әзiрледiк. Бұл орталықты құруға бюджеттен қаражат бөлiнген жоқ. Барлығы ұлттық компаниялар мен инвесторлардың есебiнен жасалды", - дедi Д.Ерғожин.

Оның айтуынша, Астана қаласына келетiн жүк көлемi артады деп күтiлуде. Жүк айналымының көлемi 20 пайызға артпақ.

"Бiз тиiстi шешiмге қол қойдық, ендi Қытайдан келетiн жүктiң бiр бөлiгi Астана аумағына түсiрiлетiн болады. Жүк айналымының көлемi 20 пайызға артады деп көзделiп отыр. Нәтижесiнде қала бюджетiне шамамен 25-30 млрд теңге түседi. Осылайша, бiз Астана бюджетiн 1 трлн теңгеге дейiн жеткiзудi қамтамасыз етемiз. Яғни, елiмiзде бюджетi триллион теңгенi құрайтын екi қала болады. Биылғы жылды бiр триллион теңге бюджетпен аяқтаймыз деп отырмыз, ал келесi жылдары бюджет өсiмiн қамтамасыз етемiз", - дедi комитет төрағасы.

Қазiргi уақытта аталмыш орталықты құру бойынша бiрiншi кезең аяқталған. Екiншi кезеңде кедендiк бақылау аймағы iске қосылады.

"Осы жерге жүк түсiрiлетiн болады. Бесiншi шiлдеде БҰҰ миссиясы келiп, жаңа ақпараттық жүйе орнатады. Бұл қанатқақты жоба 2017 жылдың бiрiншi шiлдесiнде аяқталады. Осыдан кейiн бүкiл ел бойынша жаңа ақпараттық жүйе енгiзiледi. Астана-1 кедендiк-салықтық әкiмшiлендiрудiң автоматтық жүйесi Дүниежүзiлiк сауда ұйымының барлық талаптарына жауап бередi. Бұл жүйенi енгiзуге де бюджеттен қаражат бөлiнген жоқ, толығымен БҰҰ есебiнен жүргiзiлдi", - деп атап өттi ол.

Айта кетейiк, бүгiн Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Continental Logistics"  көлiктiк-логистикалық орталығының базасында ашылған Астана кедендiк ресiмдеу орталығын аралап, оның жұмысымен танысты.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!