Депутаттар каникулда қайда демалады?

Фотография - Депутаттар каникулда қайда демалады?

Депутаттардың көбісі өңірлерде болып, халықпен кездесулер ұйымдастыратынын айтады.

267 0

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, алтыншы шақырылымның алғашқы сессиясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Сондай-ақ депуттар демалысқа кетті. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бүгіннен бастап, ел аралауға шығамыз. Барлық депуттар өңірлерге бөлінген. Аймақтарды аралаймыз. Халықпен кездесеміз. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жолығамыз. Биыл біздің күнтізбеміз өте тығыз. Одан кейін депутаттар демалатын шығар. Ал жеке өзіме келсем, біраз жоспарларым бар. Негізінен шығармашылық жұмыспен айналысатын шығармын. Ешқайда кетпеймін. Қазақстанда боламын.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Мен барлық аймақтарды аралауды жоспарлап отырмын. Алдымен Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарынан бастаймын. Одан кейін батыс аймақтарға барамын. Сосын Оңтүстік және Солтүстік өңірлердің тұрғындарымен кездесемін. Ал демалысқа келетін болсақ, отбасым кеше Алакөлге кетті. Балаларым каникулды сол жақта өткізейін деп отыр. Қызымның туған күні жақындап қалды. Менде солардың қасына барып қосыламын. Оған дейін ел аралап, сайлаушыларымен кездесемін.

Бектас Бекназаров, ҚР Сенатының депутаты:

– Демалысты Қазақстанда өткіземін. Өзім балық аулағанды жақсы көремін. Отбасымның қасында боламын.

Гүлмира Исимбаева, Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары:

– Аймақтарды аралап, халықпен кездескеннен кейін демалысты Астана және Алматы қалаларында өткіземін.

Айта кетейік, биылғы жылы сессия ішінде Парламент палаталарының 3 бірлескен отырысы, Мәжілістің 12 жалпы отырысы, 3 "Үкімет сағаты", тұрақты комиттердің 109 отырысы, заң жобалары бойынша жұмыс топтарының 160 отырысы, 7 "дөңгелек үстел", комитеттердің 3 көшпелі отырысы өткізіліп, Мәжілістің қарауына 42 заң жобасы шығарылған.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!