Діни білім беру саласы мемлекетпен тығыз байланыста жасауы керек - Бас мүфти

Фотография - Діни білім беру саласы мемлекетпен тығыз байланыста жасауы керек - Бас мүфти

Ержан қажы Малғажыұлы 3 жыл діни және зайырлы білім алып шыққан "Үшқоңыр" медресе-колледжі түлектеріне арнайы куәлік табыстады.

296 0

Биыл "Үшқоңыр" медресе-колледжінің қыздар бөлімін 10 түлек бітіріп шықты. Медресе жанынан қыздар бөлімі 2013 жылы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен ашылған болатын. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы 3 жыл бойы оқып, діни және зайырлы білім алып шыққан "Үшқоңыр" медресе-колледжі қыздар бөлімінің түлектеріне  арнайы куәлік табыстады.

Бас мүфти шара барысында медресе-колледжінің түлектері қолдарына алған куәліктері арқылы жоғарғы оқу орындарында білімін жалғастыра алатынын айтып, өркениетті елдер сияқты діни білім беру саласы мемлекетпен тығыз байланыста жұмыс жасау керектігін атап өтті. 

"Бүгінде Діни басқарма діни білім беру саласында жаңа бет бұрыстар жасады. Соның бірі - медреселеріміз колледж статусын алды. Медреседен білім алып шыққан шәкірт жоғарғы оқу орынына түсе алады және мемлекеттік қызметте заңды түрде жұмыс істей алады. Әлемнің көптеген өркениетті елдерінің діни білім беру саласы мемлекетпен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Өйткені, қай уақытта болмасын діни білімге қоғамның сұранысы болған. Әрі жат ағым мәселесі де өз шешімін табады. Медресе- колледждер қоғамды көркейтуге, иманды, өресі биік жастарды тәрбелеуге қызмет етеді", – деп атап өтті Ержан қажы Малғажыұлы.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!