Іле Алатауында қар барысы фото-бейне жазбаға түсіп қалды

Фотография - Іле Алатауында қар барысы фото-бейне жазбаға түсіп қалды

Әлемде 4500-7000 бас қар барысы бар деп есептеледі.

303 0

Қазақ географиялық қоғамы мен зоология институты бірлесіп "Қар барысын құтқарып қалайық!" деген атпен қар барысын сақтап қалу жобасын жүзеге асырғанына да біршама уақыт болды. Бұған дейін Талғар тауларында қылаң берген қар барысы жуырда Іле Алатауына орнатылған арнайы фото-бейне құрылғыға ілікті.

Әлемде 4500-7000 бас қар барысы бар деп есептеледі. Ал Қазақстан территориясында оның саны 110-130 бас. Алатаудың етегіндегі қар барысын сақтап қалу ниетімен қазақ географиялық қоғамы мен зоология институты бірлесіп спутниктен бақыланатын арнайы фото-бейне құрылғыны Іле Алатауының бірнеше жеріне орнатқан еді. Жуырда спутниктік құрылғының обьективіне қар барысымен қатар, тау сілеусіні де ілінді.

Фото - Фото - Фото -

Спутниктік телеметрия аппараты елімізде тұңғыш рет қолданылып отырған құрылғы. Ол арқылы тау барыстарын аспаннан белгілеп, олардың жүру бағытын, қоныс аудару үдерісі мен көбею жолдарын еркін бақылауға болады. Мұндай құрылғыны қазірде Непал, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан және Қырғызстан пайдаланып, барыстар мен сирек кездесетін аңдарды жіті бақылап келеді.

Бақылаушы ғалымдардың айтуынша, фото-бейне кадрға түсіп қалған қар барысы өзін Алатау табиғатында еркін сезініп, өмір сүруіне қолайлы ортада жүргендігі байқалады.

egemen.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!