Миланда қазақстандық павильонның милионныншы қонағына ЭКСПО-2017 билеті берілді

Фотография - Миланда қазақстандық павильонның милионныншы қонағына ЭКСПО-2017 билеті берілді

2015 жылдың 1 мамыры мен 31 қазаны аралығында Милан қаласында бүкіләлемдік "ЕХРО-2015" көрмесі өткен болатын.

228 0

"Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде "EXPO Milano 2015" бүкіләлемдік көрмесінде Қазақстан павильонының миллионыншы қонағына ұлттық компанияның Басқарма басшысының орынбасары Е.Шорманов "ЭКСПО-2017" көрмесіне 4 билет пен естелік сыйлықтар тарту етті, деп хабарлайды Ұлттық компанияның Қоғаммен байланыстар департаментінен.

Айта кету керек, 2015 жылдың 1 мамыры мен 31 қазаны аралығында Милан қаласында бүкіләлемдік "ЕХРО-2015" көрмесі өткен болатын. Көрме келушілерінің еркін дауыс беруі нәтижесінде қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны "Тақырыпты ашу мен контент бойынша" үздік үштіктің қатарынан табылды.

Даниел Берго, қазақстандық павильонның милионныншы қонағы ретінде екі кісілік Қазақстанға саяхаттау мүмкіндігіне ие болған еді. Ол Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларында көре алды. Аталған қалаларға тур отандық тур операторлар – Көрменің серіктестері арқылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, елімізге келіп-кету әуе билеттерін "ЭКСПО-2017" көрмесінің ресми әуе тасымалдаушысі – "Эйр Астана" АҚ ұсынды.

Даниеле Берго жұбайы Марией Кристиной Галлимен бірге әрі қаражаттарына Қазақстанмен танысқысы келген тағы екі досымен елімізді аралап шықты.

"Біз алғаш рет Қазақстанға келіп отырмыз. Оның табиғатының сұлулығы мен даласының ұлылығына таң қалдық. Әсіресе, қазақстандықтардың қонақжайлылығы ұнады. Біздің саяхатымыз жоғары деңгейде ұйымдастырылған. ЭКСПО-2017 көрмесіне билет біз үшін тосын сыйлық болды. Біз міндетті түрде Астанадағы көрмеге келетін боламыз», - деп ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді Даниеле Берго.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!