Редактировать

Астанада әділетсіз бәсекелестік үшін құрылыс компаниясына айыппұл салынды

Фотография - Астанада әділетсіз бәсекелестік үшін құрылыс компаниясына айыппұл салынды

"Family Village NS" ЖШС-на қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқама шығарылды.

183 0

Астана қаласының Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Департаменттің "Family Village NS" компаниясын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулысы өзгертусіз қалдырылып, "Family Village NS" ЖШС-ның арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Бұдан бұрын, Департамент, Астана қаласы тұрғынының өтініші бойынша "Family Village NS" ЖШС-на қатысты жосықсыз бәсекелестіктің мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу) бөлігінде яғни, эксплуатациялық компаниямен келісімшартқа отыруды жүктеу фактісі бойынша тергеп- тексеру жүргізген болатын.

Департаментінің қаулысымен, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына (әділетсіз бәсекелестік) жүргізілген тергеп – тексеру нәтижесі бойынша "Family Village NS" ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес, 636300 теңгені құрайтын 300 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, Департаментпен "Family Village NS"ЖШС-на қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқама шығарылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!