Ақмола облыстық соты мен Медиацияны дамыту орталығы өзара әріптестікті нығайтты

Фотография - Ақмола облыстық соты мен Медиацияны дамыту орталығы өзара әріптестікті нығайтты

Кездесуге қатысушылар өзара әріптестік жөніндегі Меморандумды қолдап, оны іске асырудың сұрақтары бойынша пікір алмасты.

315 0

Ақмола облыстық сотында облыс судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, нотариустар, адвокаттар, әкімдік және "Қоғамдық келісім"  мен "Кәсіпкерлер палатасы" үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Ақмола облысында медиация институтын дамыту сұрақтарын талқылады, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Кездесуде Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов және "Ақмола облысы бойынша медиацияны дамыту орталығы" Республкалық қоғамдық ұйым өкілдігінің директоры А.Әміржанов даулар мен жанжалдарды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын белсенді түрде енгізу мен жан-жақты дамыту бойынша қарым-қатынасты нығайту аясындағы өзара әріптестік Меморандумына қол қойды.

Сот төрағасы кездесуге қатысушыларға әріптестік үшін алғыс білдіріп, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға барлық жағдайды туғызу мақсатында жергілікті атқарушы органдар облыстық соттың барлық бастамаларын қолдайтынын айтып өтті.

"Ақмола облыстық сотында өңірімізде медиацияны дамытуға үлкен көңіл бөлініп, көп жұмыс жасалды. Медиация институтын дамыту бойынша мобильді топ құрылып, оның төрайымы Ақмола облыстық сотының судьясы Р.Ертаева тағайындалды. Медиацияны қолдану жөнінде тұрғындар үшін бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Жергілікті әкімдіктермен біріге отырып облыстың барлық қала және аудандарында медиация кабинеттері ашылды. Әліде көп жұмыс атқару қажет, оны жергілікті атқарушы органдармен біріге отырып жалғастыратын боламыз", - деді сот төрағасы.

Кездесуге қатысушылар өзара әріптестік жөніндегі Меморандумды қолдап, оны іске асырудың сұрақтары бойынша пікір алмасты.






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!