Астана күніне орай үш күн футбол фестивалі өтеді

Фотография - Астана күніне орай үш күн футбол фестивалі өтеді

Елорда күнін мерекелеу аясында Астанада шілденің 1-і мен 3-і аралығында Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда футбол фестивалі өтеді.

165 0

1 шілдеде Қазақстандағы оқушылар арасындағы ең ауқымды турнир - Астана Мектеп лигасының ақтық жарыстары өтеді. Финалда ұлдар да, қыздар да бағын сынайды. 2005-2006ж.т. арасында №38 және №60 мектеп оқушылары, 2003-2004 ж.т. балалар арасында №3 және №65 мектеп оқушылары бас жүлде үшін таласады. Ал қыздар арасында өткізілетін лигада үшінші турда №4 және №20 мектеп командалары, сондай-ақ №21 мен №63 мектеп оқушылары шеберлік абйқасады, деп хабарлайды қалалық мәдениет басқармасынан.

2 шілде де елордалық мемлекеттік қызметшілер де спорттық киім киіп, алаңға шығады. Сенбі күні мемлекеттік құрылымдар мен ведомстволардың 30 командасы үздік футбол командасы атағын сарапқа салады.

Үш күндік футбол марафоны 3 шілдеде қайырымдылық турнирмен аяқталады, шараға Астана мен Ақмола облысының балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінен құрылған 8 команда қатысады.

Футбол фестиваліне ниет білдіргендердің барлығы қатыса алады. Келушілер арасында түрлі конкурстар өткізіліп, көптеген сыйлықтар мен тартулар таратылады. Шараның ең кішкентай қонақтары ал мерекенің аниматорлармен көңілін көтереді, батуттарда секіріп, ойнайды.

Барлық матчтар сағат 10.00 басталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!