ОҚО әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев шаруалармен кездесті

Фотография - ОҚО әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев шаруалармен кездесті

С.Тұяқбаев Мақтарал ауданында болып, ондағы шаруалармен кездесті

299 0

Таяуда облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев Мақтарал ауданында болып, ондағы шаруалармен кездесті. Мақта еккен қожалық иелерімен болған жиында облыс деңгейінде өсімдікті қорғау, оның ішінде зиянкестерге қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесімен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 109 мың гектар жерге шитті мақта егілсе, соның 83 мың гектары Мақтарал ауданына тиесілі. Мақта көбелегі мен өрмекші кенесінен егістікті қорғау мақсатында қазіргі таңда ондағы қауіпті аймақ деп саналған 56 мың гектар жерге биологиялық тәсіл қолданылып, жұмыстардың бірінші кезеңі аяқталған. Жұмысты жалғастырудың екінші кезеңі алдағы 1-2 аптада басталады. Биотәсіл қолданған шаруаларға алдымыздағы аптадан бастап субсидия беріле бастайды. Еске салайық, өткен жылы аталған тәсіл ондағы 36 мың гектарға қолданылған болатын.

"Ауа райына байланысты басқа жылдарға қарағанда биыл қауіп-қатер деңгейі жоғары деп болжам жасаған болатынбыз. Дегенмен, биотәсіл арқылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, қазір жағдай тұрақты, ешқандай қауіп-қатер жоқ. Десе де, зиянкестердің белсенді фазасы 20 шілдеден бастап шығады деп болжамдасақ, біз соған дайын болуымыз керек. Болжам орталығы өрмекші кенесі бойынша 15 мың гектарда, көсек құрттары бойынша 28 мың гектарда қауіп бар деген ақпарат берген. Бірақ алдын алу шараларын уақытылы қабылдағанның нәтижесінде, биылғы болжам алаңы одан да аз болуы керек. Бұған қарамастан, дайындығымызды жасап, қажетті дәрі-дәрмек пен техниканың барлығы 15 шілдеге дайын тұруы керек. Қажет болған жағдайда тиімді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізетін боламыз", - деді С.Тұяқбаев.

Айта кету керек, облыс деңгейінде ауыл шаруашылығы саласында ғылым мен жаңа технологияны кеңінен қолдану жыл басынан бері қолға алынып, оның ішінде өсімдік қорғау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл өз кезегінде шаруаның жағдайын едәуір жақсартып, табыс көздерін тұрақтандырады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!