ОҚО әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Фотография - ОҚО әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Аймақ басшысы азаматтардың өтініш, тілектеріне тиісті жауаптар беріп, жауапты сала жетекшілеріне тапсырмалар жүктеді.

377 0

Өңір басшысы Б.Атамқұлов азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Мәселен, жеке қабылдауға келген Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқов туралы фильм түсіріп, оның жарыққа шығуына ықпал жасауын өтінді. Сонымен қатар, белгілі ақын өзінің туған жері Отырар ауданының газдандыру жұмыстарына қажетті толық қаржыландыру мәселесін аймақ басшысының өзі жіті бақылауында ұстауын өтінді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Өз кезегінде, облыс әкімі Ш.Қалдаяқов туралы композитордың 90 жылдығына орай, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" президенті Б.Қайырбековке ұсыныс хат жолданып, ұйымдастыру ісіне әкімдік тарапынан түрлі қолдаулардың көрсетілетінін жеткізді. Ал Отырар ауданын газдандыру жайын облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайым тұрақты бақылауында ұстайтын болды. Айта кету керек, аталған ауданда бүгінгі таңда жалпы құны 3,5 млрд. теңгеден асатын газ тарату станциясы мен магистралды газ жүйесі салынуда. Ал аудан орталығы Шәуілдір ауылымен құны 100 млн. теңге болатын 14 елді мекенді газдандыруға жобалық сметалық құжаттар әзірленуде.

Қоғамдық қабылдауға келген кезекті азамат облыс әкімінен жұмысқа орналасуға көмек беруін сұрады. Шымкент қаласының тұрғыны Ақайша Ерғараева өзінің мал дәрігерлік мамандығы бойынша жұмысқа орналасқысы келеді. Қала тұрғынына түйіндемесін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолдау ұсынылды.

Жеке қабылдауға келген азаматтың бірі Елтай Беймағамбетов болды. Түркістан қаласының тұрғыны Түркістан қаласына ерекше статус беріп, туризм орталығы ретінде дамыту жұмыстары аясында жақын арада қандай жобалардың жүзеге асатынын сұрады. Жолданған сауалға жауап берген Б.Атамқұлов көне шаһарға арнайы статус беру жөнінде Үкіметке ұсыныс жолданғанын жеткізіп, қаланың бас жоспары дайындалғанын айтты. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Түркістанда атқарылған жұмыстар реті тұрғындарға кеңінен таныстырылатын болды.

Осылайша, облыс басшысына өзін толғандырған сауалдарымен келген аймақ тұрғындары негізінен коммуналдық, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени мәселелер бойынша арызданды. Аймақ басшысы азаматтардың өтініш, тілектеріне тиісті жауаптар беріп, жауапты сала жетекшілеріне тапсырмалар жүктеді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!