Астанада Республика даңғылында 6 шілдеде көлік қозғалысына шектеу қойылады

Фотография - Астанада Республика даңғылында 6 шілдеде көлік қозғалысына шектеу қойылады

Айналып өтуге ұсынылған бағыттар — Бейбітшілік, Уәлиханов көшелері, Сарыарқа даңғылы бойынша.

174 0

Астанада Республика даңғылында 6 шілдеде көлік қозғалысына шектеу қойылады деп хабарлайды жұмада қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

"Елорда күніне орайластырылған "АСТАНА САМАЛЫ" үрмелі аспаптар шеруінің өтуіне байланысты 2016 жылы 6 шілдеде Республика даңғылы бойында ҚР Әскери-тарихи мұражайынан (Республика даңғылы,2) Жастар сарайына дейін көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.  Жол сағат 10.30-дан  12.30-ға дейін жабылады",-делінген хабарламада.

Айналып өтуге ұсынылған бағыттар — Бейбітшілік, Уәлиханов көшелері, Сарыарқа даңғылы бойынша.
Астана қ. ІІД жергілікті полиция қызметі жүргізушілерге мұқият болуды және көлікті үйде қалдырып, қоғамдық көлікпен жүрулерін сұрайды.
"2016 жылы 5-7 шілде аралығында Астана полицейлері қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында  күшейтілген режимде жұмыс жасайды",-деп көрсетілген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!