"Әзірет сұлтан" мешітінде Яссауи мұрасына қатысты дөңгелек үстел өтеді

Фотография - "Әзірет сұлтан" мешітінде Яссауи мұрасына қатысты дөңгелек үстел өтеді

Үстіміздегі жыл ЮНЕСКО ұйымымен "Қожа Ахмет Иассауи" жылы деп жарияланды.

203 0

Үстіміздегі жылды ЮНЕСКО ұйымының "Қожа Ахмет Иассауи" жылы деп жариялауына орай "Әзірет Сұлтан" мешітінде 4-шілде күні "Тарих тағылымы және Қожа Ахмет Иассауи мұрасы" атты дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды ҚМДБ баспсөз қызметі.

Аталмыш шараға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан Маямеров, мәдениет және спорт вице-миниср Марат Әзілханов, Мемлекет және қоғам қайраткері Бәйгелді Өмірбек бастаған зиялы топ өкілдері мен Иассауи мұрасы бойынша зерттеу жүргізіп жүрген ғалымдар қатысады.

Шара соңында ҚМДБ-ның бастамасымен Түркі жазба ескерткішінің тұпнұсқасынан тәржімаланған "Дәстүрлі Ислам жауһарлары" атты еңбектің тұсаукесері рәсімі өтеді.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!