Қызылорда облысының әкімі Қадір түні ауызашар берді

Фотография - Қызылорда облысының әкімі Қадір түні ауызашар берді

Әңірге іс-сапармен келген ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев жиналған жамағатты қасиетті түннің келуімен құттықтады.

335 0

Барша мұсылмандар үшін қасиетті болып саналатын Қадір түні шілденің басына тура келді. Осы түнде күллі мұсылман қауымы Алладан игі тілектер тілеп, дұға етеді, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде жамағатты қасиетті Қадір түнінің келуімен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.

"Біз қасиетті дінімізді және дәстүрлерімізді кейінгі ұрпаққа оны дәріптеп, ата жолы туралы осы қасиетті айда мағлұмат беріп, дініміз өсуі керек деп ойлаймын. Біз сол ата жолымен жүріп, сол жолды жалғастыруымыз керек. Шақыруымызды қабыл алып, келгендеріңіз үшін рахмет. Қасиетті Рамазан айындағы барша ниет-тілектеріңіз қабыл болсын", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңірге іс-сапармен келген ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев жиналған жамағатты қасиетті түннің келуімен құттықтады.

Аймақ басшысы дін қызметкерлері, ардагерлер, зиялы қауым және басқа да ауыз бекіткен жандарға арнап ауыз ашар берді.

Мешіттің бас имамы Талғат Омаров аруақтарға Құран аяттарын бағыштап, елдің тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!