Ақтөбеде төрт аяқты баланың жынысы анықталмай жатыр

Фотография - Ақтөбеде төрт аяқты баланың жынысы анықталмай жатыр

Дәрігерлердің айтуынша, балада даму кемшіліктері көп.

599 0

Өткен аптада Ақтөбе ауруханаларының бірінде сиам егіздері дүниеге келді. Нақты айтқанда бір ғана бала туған. Егіздердің бірі жатыр ішінде толық жетілмей, оның мүшелері екіншісіне жабыса туған, деп жазады Тoday.kz.

"Иә, балада төрт аяқ. Онда даму кемшіліктері көп. Баланың жынысы туралы айту да әзірге мүмкін емес, оның үстіне бұл бастапқы қажеттілік емес", - дейді Облыстық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Қожин.

30 маусымда балаға алты күн толды. Нәрестенің өмірін ұзартқан операция – колостомия болды.

Бала жансақтау бөлімінде. Өзге операциялар тағайындауға, оның ішінде артық аяқтарды алып тастау отасын тағайындағанға әлі ерте.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!