ОҚО-да Тәуелсіздік жылдары медицина ұйымдарының жабдықталуы 65 пайызға артқан

Фотография - ОҚО-да Тәуелсіздік жылдары медицина ұйымдарының жабдықталуы 65 пайызға артқан

Ана өлімі 7 есеге, нәрестелер өлім-жітімі 3 есеге дейін төмендеген.

148 0

Қазақстанның Тәуелсіздігі жылдары кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласы жақсарып, денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасы жаңарды. Яғни, медицина ұйымдарының жабдықталуы 25,3 пайыздан 65,35 пайызға дейін өсті. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингкте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейтжамал Пакеев айтты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

"Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері денсаулық сақтау саласына мемлекеттен көптеген қолдаулар көрсетіліп, бұл саланы қаржыландыру көлемі жыл сайын ұлғайып отырды. Мәселен, 1991 жылы 50,8 млн. теңге бөлінсе, 2015 жылы 93,9 млрд. теңгені құрап, бюджет көлемі 1850 есеге артты",-деп мәлімдеді басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша Тәуелсіздік жылдары облыстағы жедел медициналық көмек бригадаларының саны 173-187 дейін көбейіп, санитарлық автокөлік саны 258-ге жеткізілген. Ал радиобайланыспен 100 пайыз, GPS-навигация жүйесімен 80 пайыз жабдықталған.

Сонымен қатар, осы жылдар ішінде 347 жаңа нысандар салынып, облыстық деңгейдегі наркологиялық аурухана, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, кардиологиялық орталық, облыстық балалар оңалту орталығы, «Мейірім» оңалту орталығы, «Ана мен бала» оңалту орталықтары ашылды. Ал "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы аясында облыстық қан орталығы, Шымкенттегі № 3 емхана, Шымкент және Түркістан қалаларында 2 балалар аурухана мен Төлеби ауданында Ленгір қалалық ауруханасы емханасымен салынып, пайдалануға берілді.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай 25 жыл ішінде облыс халқының жалпы өлім-жітім көрсеткіші 6,9-дан 5,5 дейін төмендесе, ана өлімі 7 есеге, нәрестелер өлім-жітімі 3 есеге дейін төмендеген.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!