Астаналық парктерде ЭКСПО мемлекеттері көрсетіледі

Фотография - Астаналық парктерде ЭКСПО мемлекеттері көрсетіледі

Көк, қызғылт сары және жасыл – Astana Park Land фестивалінің түстері.

215 0

4 шілдеде қалалық парктерде гүлден ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің эмблемасы жасалады. Astana Park Land фестивалі аясында "Жерұйық", "Арай" және "Астаналық" парктерде барша әлемде ЭКСПО көрмесін өткізудің тарихымен танысуға болады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Көк, қызғылт сары және жасыл – Astana Park Land фестивалінің түстері. Парктердің әрқайсысы құрлықтарға бөлінген. "Астаналық" паркте халықаралық көрмені өткізген Еуропа мен Австралия мемлекеттері көрсетіледі. Қызғылт-сары түске боялатын "Жерұйық" паркінде Азия елдері: Жапония, Корея, Қытай және Қазақстан болады. Ал жасыл түспен безендірілетін "Арай" паркінде Солтүстік және Оңтүстік Америка орналасады, мұнда ЭКСПО көрмесін өткізген АҚШ, Канада және Бразилия мемлекеттерінің тарихы баяндалады.

- Біз халқымыздың ЭКСПО көрмесінің тарихымен танысқанын қалаймыз. Биыл қалалық парктер фестивалін өткізудің мақсаты елорда тұрғындары мен қонақтарын Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі туралы ақпараттандыру болып табылады, - дейді Astana Park Land фестивалінің әкімшісі Әлия.

Парктерде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декорациялар да қойылады. Мұнда суретке түсіп, концерттік бағдарлама тамашалауға, ұлттық тағамдардан дәм татуға болады. Фестиваль шілденің 4-і мен 6-сы аралығында өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!