Ринат Кертаев "Хабар" телеарнасының директоры болып тағайындалды

Фотография - Ринат Кертаев "Хабар" телеарнасының директоры болып тағайындалды

Ринат Кертаев 1983 жылғы 23 сәуірде Жамбыл облысында дүниеге келген

228 0

2016 жылғы 4 шілдеден бастап Ринат Думанұлы Кертаев "Хабар" телеарнасының директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлады "Хабар" агенттігінен.

2011 жылдан бері Ринат Кертаев "Хабар" арнасы бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсері болып қызмет атқарып келді. 

Кертаев мырзаның айтуынша: "Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен байланысты көп жылдық тарихы бар телеарнаны басқару - үлкен жауапкершілік. Біз қазіргі таңда күзгі телемаусымға дайындалып жатырмыз және көрермендерімізді қуантамыз деген үміттеміз. Барлық отбасыға қызық болатын жобалар күтіп тұр".


Ринат Кертаев 1983 жылғы 23 сәуірде Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2005 жылы "Қоғаммен байланыс" мамандығы бойынша тәмамдады. "Хабар" агенттігіндегі еңбек жолы 2006 жылы қазақ тіліндегі ойын-сауық бағдарламалар редакциясының продюсері ретінде басталды. 2010-2011жылдары жаңалықтар бөлімінде талдамашы-редактор болып жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап бағдарламалар өндірісі бөлімінің бас продюсері лауазымында қызмет етті. Марапаттары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісі, "Дарын" мемлекеттік премиясы, "Баспаны және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің төсбелгісі, сондай-ақ ҚР Президентінің Грантына ие.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!