Ұлттық ұланда жазғы оқу кезеңі басталды

Фотография - Ұлттық ұланда жазғы оқу кезеңі басталды

Салтанатты жағдайда алаңда сап түзеген барша жеке құрамды әскери бөлімдер командирлері жаңа оқу кезеңінің басталуымен құттықтады.

201 0

Бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында және барша әскери бөлімдерде жазғы оқу кезеңі басталды, деп хабарлайды "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылның баспасөз қызметінен.

Бұл күні барлық өңірлік әскери бөлімдерде жазғы оқу кезеңінің ашылуына орай салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, мемлекеттік Әнұран орындалды. Барлық бөлімдердің жеке құрамымен саптық тексерістер, жаңа оқу кезеңіне дайындық барысы тексерілді.

Салтанатты жағдайда алаңда сап түзеген барша жеке құрамды әскери бөлімдер командирлері жаңа оқу кезеңінің басталуымен құттықтап, Отан қорғау жолындағы ұлы істеріне сәттілік тіледі.

Мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағының екінші бөлімінде жеке құрамға Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев туралы документалды фильм көрсетілді.

Сабақтың қорытынды бөлігінде өңірлік қолбасшылық офицерлері мен келісімшарт әскери қызметшілеріне 2016 жылғы екінші жартыжылдықтың жазғы оқу кезеңінде атқарар міндеттер мен тапсырмалар жүктелді.

Алғашқы сабақ аяқталған соң өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдерінің басқарма және жауынгерлік даярлық бөлімдерінің офицерлері материалдық-техникалық базаларын шығарумен әскер өмірінің қауіпсіздігін ұйымдастыру, түрлі сабақтар өткізу кезіндегі және қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, сондай-ақ техникаларға қызмет көрсету мен оны басқару кезіндегі қауіпсіздік іс-шаралары бойынша барша жеке құраммен практикалық сабақтар өткізді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!